- Advertisement -

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсын өткізу қағидалары

160

- Advertisement -

1. Жалпы ережелер

1. Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қағидаларын (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірледі.

2. Конкурсты өткізудің мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады.

3. Конкурс төрт номинациядан тұрады:
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік телебағдарлама»;
3) «Үздік радиобағдарлама»;
4) «Үздік сайт мақаласы».

4. Конкурсқа мемлекеттік тілдегі контентті арттыруға, соның ішінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласына енуі үшін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша республикалық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында аналитикалық талдаулар мен ғылыми зерттеулер, проблемалар мен олардың шешу жолдарын көрсеткен және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ұлт ұстазының тіл білімі саласындағы еңбектері бойынша материалдарды жариялаған кәсіби журналистер (штаттық және штаттан тыс), теле-радио, газет, сайт ұжымдары, журналистика және филология факультеттерінің ғалымдары қатыса алады. Сондай-ақ қазақша сөйлеуді ұлттық брендке айналдырудың жолын көрсете алған журналистердің шеберліктері анықталуы қажет.

5. Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды.
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

6. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Жамбыл облысындағы Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Конкурсқа қатысу үшін Конкурс Қағидасының 3-тармағында көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша жазбаша түрде Басқармаға 2022 жылғы маусым айының бірінші онкүндігіне дейін (10.06.2022 ж дейін ұсынылған құжаттар қабылданады) мынадай құжаттармен бірге тапсырылуы тиіс:

1) өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

2) 2021 жылғы 11 маусым мен 2022 жылғы 30 мамыр аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;

3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;

4) Конкурсқа ұсынылған материалдар міндетті түрде «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсына» айдарымен жариялануы тиіс.

9. Конкурс Қағидасының 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

10. Басқармаға ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.

3. Қорытынды ережелер

11. Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Қазылар алқасы мүшелері Конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы Конкурстың төрт номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Конкурстың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

12. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

13. Жүлде қорына қазылар алқасы өзгерістер енгізуге құқылы;

14. Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында және Басқарманың ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланады.

Конкурсқа ұсынылған материалдар Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасына «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсына» деген белгімен ұсынылуы тиіс.

Байланыс телефондары:
8 (6272) 43-58-44, 56-92-34, 56-92-35.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support