- Advertisement -

Аудан әкімдері инвестиция тартуда белсенді болуы тиіс

28

- Advertisement -

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов өңірімізге инвестиция тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Облыс әкімі басқосу барысында өңдеу өнеркәсібі саласында негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша бірқатар аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды. Нұржан Молдиярұлы әрбір ауылдық округте ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылуы қажеттігін баса айтты.

Жалпы ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 63,1 млрд. теңгені құрайды. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға артық. Ал биыл 100,5 млрд. теңгеге 15 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде күн және жел электр станциясында, көкөніс қоймасында сонымен қатар минералды тыңайтқыштар зауытында аммофос өндіруде, тау-кен және металлургия өндірісінде, алтын құрамды кенді қайта өңдеуде және құрама жем өндіру бойынша жаңа қондырғыны енгізу жобалары бар. Жалпы инвесторларды ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, жаңартылатын көздер және балық аулау салалары қызықтыруда.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз қолайлы инвестициялық ахуалдың сақталуына мүдделіміз. Әрбір адамға жұмыс істеуге және инвестиция салуға көмектесу керек. Инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі үдерісі басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің жеке бақылауында болуы тиіс. Биылғы жылы 15 жоба жүзеге асырылады. Аудандардың әлеуетін пайдалана отырып, мұқият талдау жүргізу қажет. Осылайша тағы қандай жобаларды іске қосуға болатынын анықтау керек. Басқармалар мен аудандардың инвесторлармен жұмысына қандай баға бере аламыз? Бұл сұрақтарға талдау жұмыстарының нәтижесінде ғана әділ жауап болады. Бізде нақты іс-қимыл жоспары болуы тиіс, – деді Н.Нұржігітов.

Сондай-ақ жиын барысында «Тараз» ӘКК «ҰК» АҚ-да агротехникалық қызметі мен шаһарда ауыл шаруашылығы техникасының шоу-бөлмесі бар сервистік орталық құру және сервистік-дайындау орталықтарына байланысты мәселелер талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқармалармен «Тараз» ӘКК басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Есен ӨТЕУЛИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support