- Advertisement -

Жамбылдық өрендер ғылыми жобалар байқауында топ жарды

73

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 25-30 сәуір аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу облысы, Корлев қаласында оффлайн форматта «Адам-Жер-Ғарыш» тақырыбында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының бүкіл ресейлік олимпиадасы өтті. Бұл жарыстың басты мақсаты – ғылыми-техникалық шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау
және қолдау, балалар мен жасөспірімдердің инженерлік-техникалық зерттеу мамандықтарына қызығушылығын арттыру.

Жоғары білім және ғылым министрлігі халықаралық ЮНЕСКО/ХОО С кафедра желісі департ аментінің ұйымдастыруымен өткен білім бәйгесінде жамбылдық жас өрендер үздіктер қатарынан көрінді. Олимпиадаға 8 жобамен қатысқан 12 оқушы «Сохраним землю», «Флора и фауна», «Наш дом-земля», «Астрономия» секциялары бойынша ғылыми-зерттеулерін қорғады.

Сайыстың нәтижесінде облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 11-сынып оқушылары Жания Битуғанова, Сардор Бердыбаев, Алуа Дүкенбай, Балтабай Марғұлан, Әділет Әлметов және Руслан Рамазан жеңімпаз атанып, Ресей Федерациясының жоғары білім және ғылым министрлігі халықаралық ЮНЕСКО/ХООС кафедра желісі департаментінің директоры «Созвездие» олимпиадасының меңгерушісі В.И.Васильевтің І және ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Ендеше, бізде жас зерттеушілерге жеңіс мәресінен көріне берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support