Жас мамандармен сала ардагерлерімен кездесті

56

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің жас мамандары ҚАЖ саласының ардагерлерімен кездесті. Жылы жүздесу барысында осы салада жемісті еңбек еткен Мұрат Сағындықовпен Жомарт Наурызбаев өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Құрметті зейнет демалысында жүрген қос ардагер қызмет атқарған уақытында күн-түн демей жұмыс атқарғандарын айтып өтті. Сонымен қатар жас мамандар аянбай еңбек етіп, заңдарды көп оқып, үнемі ізденісте жүру керектігі туралы баса айтты. Өз кезегінде жастар тарапынан аға буын өкілдеріне сан сауал қойылса, оларға тұщымды жауапта берілді.

— Жалпы мұндай ерекше кездесулердің бұл салаға енді ғана келген жас мамандарға берері мол. Себебі, өздерінің қызметтері жайлы өздерінен мағлұматтар алып, оларды көзбен көріп, ардагерлермен тілдесіп, жақсы жағынан ой түйіндейді, — деген ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков кездесу соңында жас буын уақыттарын бөліп келгені үшін ардагерге алғыс білдірді.

Айта кетейік, әділет полковнигі Мұрат Абуталипұлы ЖД-158/5 мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет аға лейтенанты Жомарт Париевич мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы лауазымынан зейнетке шыққан.

Comments are closed.