Әлеумет

Елдің елден артықтығы – бірлігі, ердің ерден артықтығы – тірлігі

Елдің елден артықтығы – бірлігі, ердің ерден артықтығы – тірлігі

Ежелгі Тараз қаласына өзгелерге қарағанда өте жақын, кейде әсірелеп айтылатындай «қарға адым ғана жерде» орналасқан Байзақ ауданының өзге өңірлермен салыстырғанда өзгешелігі толып жатыр. Тарихының Таразбен тамырлас екендігі де осындай ерекшелігі қатарында. Ал тарих дегеніміз шалықты көтермейтіндігі, тек қана деректерге сүйенуді қалайтыны белгілі. Осы орайда кешегі кеңестік идеологияның өктемдігінен құтылғаннан бергі жылдарда жарық көрген тарихи әдебиеттерді зерделі көзбен оқыр болсақ,  аудан аумағындағы Түймекент, Оххум, тағы басқа да жұрнақтары бүгінге дейін сақталған ежелгі қалалардың Ұлы Жібек жолымен сауда керуендері ағылған дәуірлерде гүлденгенін білеміз. «Жер – елдің анасы» деген қанатты сөз сонау көне заманнан  бүгінге жеткеніне де дау жоқ. Өйткені, аудан аумағындағы жүзден астам археологиялық ескерткіштерге жүргізілген зерттеулер де егіншіліктің өте ерте замандарда дамығандығын көрсетеді.

[caption id="attachment_12987" align="alignnone" width="360"]4 Есігіміз әрқашан ашық[/caption] [caption id="attachment_12990" align="alignnone" width="360"]8 «Ақбұлақ» шарапаты[/caption] [caption id="attachment_12991" align="alignnone" width="360"]9 Жаңа нысан – жаңғырту жаршысы[/caption] [caption id="attachment_12992" align="alignnone" width="360"]10 Ел ырысы[/caption] [caption id="attachment_12993" align="alignnone" width="360"]11 «Байзақ» көкпаршылары жарыс алдында[/caption]

5Мұратхан ШҮКЕЕВ,   Байзақ ауданының әкімі.

Тәуелсіздік жылдары да алдыңғы толқын аға, апаларымыздың еңбек дәстүрлерін жалғастыра отырып аудан экономикасының әлеуетін арттыруда, жетекші сала – ауыл шаруашылығын дамытуда оң үрдістерге қол жетті. Еліміздің өзге өңірлеріндегідей өтпелі кезеңнің қиындықтарын еңсере білді. Компартия көсемінің, оның серіктерінің есімдері берілген шаруашылықтар мен елді мекендерге байырғы тарихи атаулары қайтарылды. Бірқатары өлкемізден шыққан көрнекті тұрғалардың есімдерін иеленді. Ел тілегі ескеріліп, 1995 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ауданға өз заманының айтулы тұлғасы, ұлт-азаттық күресінің көсемі болған Байзақ батыр бабамыздың есімі беріліп, тарихи әділеттік салтанат құрды. Сәл кейін оның еңселі ескерткіші Сарыкемер ауылына кіреберісте орнатылып, Талас өзенінің жағасында сәулетті кесене тұрғызылды. Батыр бабамыздың атын алғалы бері де атқарылған айқын мақсатты жұмыстардың нәтижесінде ауданның экономикалық әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарында 1407,2 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Осы мерзімде шаруашылықтың барлық санаттарында өндірілген еттің көлемі 6465,5 тоннаны, ал сүт 25,2 мың тоннаны құрады. Бүгінде 11891 гектар  масақты  дәнді дақылдардың барлығы орылып, 9512,8 тонна астық бастырылды. Жалпы орташа өнімділік гектарына 8 центнерден айналды. Тұрғындарды көкөніспен қамтамасыз етудің бір жолы жылыжайлардың жұмысын үйлестіру болып табылады. Осы мақсатта «Ақжар» шаруа қожалығы көлемі 1670 шаршы метр, «Манат» шаруа қожалығы көлемі 1 гектар жылыжай соғып, толыққанды жұмыс істеуде. Өткен жылы аталған жылыжайларда 352 тонна көкөніс өндірілді. «Талап» шаруа қожалығы көлемі 2,5 гектар барлық маусымдық корей технологиясы бойынша жалпы құны 255 миллион  теңгеге көкөніс өсіру жылыжайын салуда. Биыл оның 1 гектар жеріне көкөніс егіп, тұрақты өнім алуда. Аудан көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін 8 цех жұмыс істейді. Оның ішінде 3 шұжық, 1 өсімдік майын өндіретін, 2 макарон, 1 сүт, 1 нан өнімдерін шығаратын цехтар тұрақты жұмыс атқаруда. Осындай құрылымдардың қатары толығуда. Төрт түлік мал саны да жылдан-жылға өсіп келеді. Қаңтар-тамыз айларында былтырғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 497 басқа, қой мен ешкі  962 басқа, жылқы 773 басқа, түйе 20 басқа, құс 19129 басқа өскен. Атап өту керек, аудан шаруа қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасынан сырт қалып жатқан жоқ. Қазіргі таңда  бағдарлама бойынша 4 шаруа қожалығы барлығы 56,7 миллион теңге несие алып, 393 мүйізді ірі қарамен мал басын көбейтті. Осы мал басының 20-сы асыл тұқымды етті бағыттағы бұқалар. Мемлекет тарапынан бұдан өзге де көрсетіліп жатқан қолдау көмек аз емес. Мырзатай ауылдық округінен «Жақсылық» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы арқылы 15 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, 50 бас жылқы алды. Сонымен қатар «Алтын сақа» бағдарламасы бойынша «Шынасыл», «Серік», «Күдериев», «Қуат» шаруа қожалықтары уақ мал алуға құжаттарын  дайындауда. Шағын және орта кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Бұл Елбасы қамқорлығының нақты жемісі десек артық айтқандық емес. Шынында да кәсіп ашып, өз ісін жүргіземін дегендерге мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалып отыр. Биылғы  қаңтар-маусым айында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 4807 субъекті тіркелген. Олардың 4428-і немесе 92,1 пайызы нақты жұмыс істейді. Оларда 7349 адам жұмыспен қамтылған. Жыл басынан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі 3737,7 миллион теңгені құрайды. Биылдың өзінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке жалпы 200,9 миллион теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда бюджетке түскен қаржы көлемі  екі есеге артып отыр. Сондай-ақ ауылдық округтерде «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы туралы тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстарының арқасында биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауданда жалпы құны 985,9 миллион теңгеге 17 жобаның іске асырылуы жоспарланып отыр. Өткен жылдары Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауданда құны 2,460 миллиард теңге  болатын  3 жоба іске асырылса, биыл  Мырзатай ауылдық округінде «Әулие Ата-Феникс» ЖШС-ның құс етін өндіретін фабриканың құрылыс жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі таңда 547 миллион теңгеге инфрақұрылым жүргізілуде. Аталмыш фабрика алдағы қараша-желтоқсан айларында іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар бағдарлама  аясында ағымдағы жылы «Талап» шаруа қожалығы көкөніс өсіру жылыжайын және «Таra-z» ЖШС-ның азық-түлік қаптамаларын шығаратын цехты   іске қосуды көздеп отыр. Құрылыс саласында да қарқын бар. Биылғы қаңтар-тамыз айларында құрылыс жұмыстарының  көлемі 6441,7 миллион теңгені құрады. Бұл қаржы өткен жылдың тиісті кезеңінен 161,0 пайызға өсіп отыр. Бір ғана аудандық мәндегі автомобиль жолдарының және елді мекендердің көшелерінің орта жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен биыл жалпы 196,7 миллион теңге қаралып, 5 жолдың 14,7 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, орта жөндеу жұмыстары 2013 жылы басталып, биылғы жылға өтпелі болып қалған аудандық мәндегі «Королевка-Жібек жолы-Көкбастау-Жақаш-Көкөзек» автожолының орта жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Облыстық мәндегі «Сарыкемер-Мырзатай» автомобиль жолын орта жөндеуге облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 120 миллион теңге қарастырып, жұмыстар уақытында аяқталды. Сондай-ақ, аудандағы облыстық мәндегі жолдардағы 3 көпірді жөндеуге 22,2 миллион теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен 74 миллион 806 мың теңге қаралып, 2 білім беру нысаны, атап айтқанда Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі мен көркемсурет мектебінің ғимараттары күрделі жөндеуден өтті. «Елдің елден артықтығы – бірлігі, ерден ердің артықтығы – тірлігі» демекші, отыздан аса ұлт өкілінің тату- тәтті өмір сүріп, ынтымақтаса еңбек етіп жатқан өңір халқының саны өсіп, бүгінде 81 мың адамнан асты. Өлкеміздің көкорайлы көрікті өңірінің тарихын ел тарихынан бөліп қарауға болмайды. Сол еліміздің ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгеніне биыл 23 жыл толғалы отыр. Осы орайда Ұлт Көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біздің тамыры тереңге тартқан мәңгілік мұратымыз бар. Ол тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, елдігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету!» деген сөзі байзақтықтардың да жүрегінде жатталып қалды. Елбасы атап көрсеткендей, өткен жылдарда біз мемлекеттігімізді нығайту жолында ел болып жұмылып, осы заманғы нарық экономикасын құра алдық. Бүгінде жарқын болашағымызды айқындап берген «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді Стратегиясын табысты іске асырып келеміз. Бұл тұрғыда бақ дарыған, береке қонған Байзақ жұртының да қосып жатқан үлесі аз емес.