- Advertisement -

Биыл Байзақта газбен қамту 100 пайызға жетеді

86

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Байзақ ауданының даму жоспары қаралды.

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлар және өзекті мәселелер туралы баяндаған аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуынша, 2025 жылға дейін инвестициялық 7 ірі және 101 шағын жобаны жүзеге асыру көзделуде. Нәтижесінде жалпы 1250-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Бұдан бөлек, 258 бюджеттік жоба жоспарланған. Олардың басым бөлігі тұрғын үй, ауыз су, электрмен қамту, жол жөндеу, газбен қамту, білім, денсаулық, мәдениет салаларына қатысты.

Қазіргі таңда аудандағы 43 елді мекеннің 28-і таза ауыз сумен, 42-сі газбен қамтылған. 2025 жылға дейін ауылдарға толығымен ауыз су тарту, ағымдағы жылы газ тарту мәселесі 100 пайызға шешілмек.

ймақ басшысы әр жобаны жеке-жеке талқылап, ол бойынша тиісті басқармалар мен аудандық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдерінен жауап алды.

– Бюджеттік жобалармен шектелмей, бізге қосымша қаражат көздерін табу, инвесторлар тарту қажет. Ең бастысы – тұрғындардың тұрмысын жақсарту, табысын арттыру. Ауыл әкімдерінің жұмысын күшейту керек. Олар ауылдағы әрбір үйдің жағдайымен жіті таныс болуы тиіс, – деді Н.Нұржігітов.

Ауданда жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасына сәйкес 2022-2025 жылдары 8300-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Оның 2730-ы тұрақты жұмыс орындары.

– Мемлекет басшысының әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы орындалуы тиіс. Әр отбасының тұрақты табысы болуы маңызды. Осы бағытта жұмыс істеу керексіздер, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы ауылдық округтердің жоспары болуы, олар бір бағытта жүйелі жұмыс істесе нәтижеге қол жететінін баса айтты. Сондай-ақ басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

– Мәселені анықтап қана қоймай, оның шешу жолдарын да қарастырыңыздар. Өздеріңіз ауылдарға барып, халықпен сөйлесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаңыздар. Кәсіпкерлер, шаруалармен кездесіңіздер, – дей келе Нұржан Нұржігітов бірқатар жобаларды салалық басқармалармен бірлесіп қайта пысықтауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support