- Advertisement -

Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі

71

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясының отырысына бейнебайланыс режимінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов және өңірдегі бірқатар этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қатысты.

«Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өткен Ассамблеяның жиынынан соң облыс әкімі Мемлекет басшысының сөзінің басым бағыттары мен маңызды міндеттерге тоқталып өтті.

– Президент өз сөзінде Ассамблея сессиясын Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізу игі дәстүрге айналғанын және мұның зор символдық мәні бар екенін айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің саяси реформаларға белсенді қатысуы маңызды. Баршаңызды саяси реформалардың мақсаты мен мәнін халық арасында түсіндіру шара ларына жоғары деңгейде атсалысуға шақырамын. Бұл реформалардың барлығы еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыру, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Қазір ақпараттық технологиялардың дамыған кезеңі. Адамдар көп уақытын ұялы телефонға бөледі. Сондықтан әлеуметтік желіде нақты, шынайы ақпарат тарату, тәрбие және ағартушылық тұрғыда тұрақты жұмыстар жүргізу керек.

Еліміздің әр азаматы өзгерісті өзінен бастауы қажет. Біз біртұтас ұлт ретінде қоғамның дамуына, басты құндылықтарымыздың бірі – елдегі ынтымақ пен келісімнің сақталуына бар күш-жігерімізбен атсалысуға тиіспіз. Бұл біздің мерейлі міндетіміз, – дей келе облыс әкімі бірқатар мәселелер алдағы өтетін форум барысында жан-жақты сараланып, бірге талқыланатынын жеткізді.

Аймақ басшысы қатысушыларды алдағы Қазақстан халқының бірлігі күнімен, Отан қорғаушылар және Жеңіс мерекесімен құттықтап, елдің тыныштығын, халқымыздың амандығын тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support