Саябақтың көркеюіне үлес қосты

24

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың бастамасымен ЖД-158/5 мекемесінің қызметкерлері облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан «Жауынгерлік даңқ аллеясының» маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында Ұлы Отан соғысына қатысқан 68 мың жамбылдықтардың есімі жазылған мемориалды композицияның ажары кеткен тұстары әрленіп, көріктендірілді.

— «Жеңіс» саябағына халық көп шоғырланады. Бұл саябақ бірер жыл бұрын қайта жаңғыртылып, жаңаланды. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін, тарихты тануға үндейтін саябақтың таза болуы барша тараздықтар үшін қолайлы – дейді ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков.

Comments are closed.