- Advertisement -

«Аурухананың алдында оянды». Талдықорғанда суға батқан бала құтқарылды

106

- Advertisement -

Демалыс күндері Талдықорғанда жедел жәрдем кезекшісіне қала шетінде 2 жастағы баланың суға батып кеткені туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына уақытында жеткен фельдшер Алмабек Батқалбеков дереу шара қолданып, баланы ауруханаға жеткізді.

«Біз келгенде ол тыныс алмай жатты. Жүрек соғысы тоқтап қалған. Бірден реанимациялық әрекетке кірістік. Алдымен көшеде, кейін жедел жәрдем көлігінде. Бірақ бәрі бекер болды. Біз балалар ауруханасына жақындап қалғанда бала жылап, дем ала бастады. Бұл ең жақсы сезім», — деді Алмабек Батқалбеков. (суретте)

Қазір баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол Талдықорған қаласындағы балалар ауруханасында.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support