Заманауи мектеп қандай болуы керек?
Заманауи мектеп қандай болуы керек?
Шараның мақсаты – білім беру саласындағы халықаралық тәжірибе, заманауи өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер көкжиегін талқылау. Байыпты басқосуды Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова ашып, сөз сөйледі. Келесі кезекте №3 мектеп-лицейінің директоры Зауре Абдирасилова, өзге де педагогтер ой толғап, жиынның мән-маңызына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар шараға арнайы шақырылған PhD докторы, халықаралық мектептерде басшылық тәжірибеге ие мектеп директоры, білім саласының эксперті Томас Готфрид (Германия), Ұлы Витаутас университетінің профессоры, п.ғ.д., Вилкельене Альдона (Каунас, Литва), Алитуса Дзукия мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Авукинене Йоланта (Литва) баяндама жасады. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел отырысында «Заманауи мектеп-лицей: мүмкіндіктер көкжиегі» (Инклюзивті білім беруді қолдау), «Болашақ мектебі – талаптар мен болжам»,«Инклюзивті білім беру саласындағы көшбасшылық», «School for everyone», «Электронды мектеп – оқу мен оқытуды басқаруды автоматтандыру», «Білім беру ұйымын дамытудың стратегиясы – сапалы білімге қол жеткізудің негізі», «Үштұғырлы тіл: артықшылықтары мен қиыншылықтары» тақырыптары кеңінен талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті. Айта кету керек, басқосуға білім беру мекемелерінің басшылары мен білім беру саласының 100-ге жуық қызметкерлері қатысты.
«Aq jol»-Aqparat».