Денсаулық

ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Жамбыл көлік прокуратурасының мобильді тобына Меркі ауылында орналасқан жүк автомобильдерінің автоматтандырылған өлшеу құралы ұсынатын мәліметтердің дұрыстығына қатысты 2 дабыл келіп түскен.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында прокуратура көлік тасымалы саласындағы мемлекеттік көліктік бақылаудың заңдылығына талдау жүргізді. Жүк көліктердің салмағын тіркеу және тасымалдаушыларға артық салмағы бар туралы хабарлама жіберу кезінде салмақ өлшеу жабдығының қателік пайызы дұрыс ескерілмегендігі анықталды (14% қателіктің орнына 4% қолданылған). Қалыптасқан жағдай жол жүру сомасының дұрыс есептелмеуіне және әкімшілік құқықбұзушылықтың бұдан әрі саралануына әсер еткен. Бұл бұзушылықтар тасымалдаушы кәсіпкерлердің негізді шағымдарына себеп болды. Қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган өлшеу құралының қолдануын тоқтатты, айыппұл төлеу туралы барлық жолданған хабарламалардың күштері жойылып, осылайша 31 млн. теңгеден астам сомаға 134 кәсіпкердің құқықтары қорғалды Заңдылықты нығайту және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Жамбыл көлік прокуратурасы.