Жамбылдық полицейлер ірі ұрлық дерегін ашты
Жамбылдық полицейлер ірі ұрлық дерегін ашты
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл ауданының полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері осы кәсіпорында жұмыс істейтін 2 күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 26 және 30 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысында полицейлер күдіктілердің ұрланған таспаны 900 000 теңгеге сатқанын, ал ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын анықтады. Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
«Aq jol» – Aqparat».