Полиция балалар көзімен

2

Биыл Балалар жылы аясында көп іс-шаралар атқарылуда. Осыған орай Қордай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Полиция балалар көзімен» атты байқау өткізілді.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, полиция имиджін арттыру, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 48 білім мекемесінен 1000-нан аса оқушы қатысты. Оқушылар мәнерлеп оқу, сурет салу, шығарма жазу және спорттық ойындар бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Байқаудың негізгі басты мақсатының бірі – Қазақстан полициясына деген халық сенімін арттыру және оңтайлы

пікір қалыптастыру болып табылады. «Полиция балалар көзiмен» атты байқаудың тағы бір номинациясы бойынша №6 орта мектептің 5-6-сынып қыздары, №8 орта мектептің ұлдары арасында ауданаралық футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаз командалар аудандық ПБ бастығының грамоталарымен, медалімен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын полиция подполковнигі А.Қарымсақовтың өзі марапаттап, естелік суретке түсті.

Жанар ҚОСЖАНОВА,
Қордай ауданы полиция бөлімінің ЖПҚБ-ң ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры.

Қордай ауданы.

Comments are closed.