- Advertisement -

ЖАСӨСПІРІМ БАЛУАНДАР ДА ЖАРАДЫ

57

- Advertisement -

Еркін күрестен Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында (U 17) Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Бұл жарыста да облысымыздың жасөспірімдер құрамасы аянып қалған жоқ. Жеңіс жолында аямай тер төкті.

Атап айтқанда, 51 килода белдескен Нұрданат Айтанов қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды. Айтанов алтыннан алқа тағынып, үмітті толық ақтады. Ал 45 килодағы Мирас Талғатұлы, 51 килодағы Мадияр Тоқтақан, 60 килодағы Бекнұр Сәттібай ел біріншілігінің қола жүлдегері атанып, мығым спортшы екенін көрсетті.

Осылайша бозкілем шеберлері жалпыкомандалық есепте 1 алтын, 3 қола жүлдемен үшінші орынға табан тіреді.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support