Екі алтынмен екінші орын

2

Қызылорда қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Облысымыздың құрамасы сапында 79 килода өнер көрсеткен Дәулет Ергеш ел чемпионы атанса, 97 килодағы Юнус Гафуров та алтыннан алқа тағынды. Ал 86 кило салмақта бақ сынаған Бекзат Жұманәлі финалда ғана есе жіберіп, күміске қол жеткізді. Сондай-ақ 57 килода өңір намысын қорғаған Нұртілек Оңдаш пен 70 кило салмақта белдескен Орынбасар Тұрғынбаев сынды боз кілем шеберлері қола медальді олжалады. Жалпыкомандалық есепте облыстың намысын қорғаған өрендер 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен екінші орынды иеленді. Жалпы, алғанда балуандарымыздың мұндай көрсеткіші – үлкен жетістік. Енді ел чемпионы Дәулет Ергеш пен Юнус Гафуров ірі халықаралық жарыстарда өңіріміздің намысын қорғамақ. Бабы келіскен спортшыларға іске сәт дейміз!

Есет Досалы

Comments are closed.