- Advertisement -

«БАЛҒЫН ҰРПАҚ – БАҚЫТЫМ»

54

- Advertisement -

Туған жер, туып-өскен топырақ дегенде тебіренбейтін адам жоқ шығар. «Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей, Ақын болмай, тасың болсам мен егер» деп, ақын Қасым Аманжолов бекер толғанбаса керек. Балалар тақырыбына үзбей қалам тербеп жүрген азамат, әріптесіміз, облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Марат Құлибайұлының да мұндай аяулы сезімдерді аттап өтпейтіні анық. Ал Шерхан мен Бауыржандай алыптар өмірге келген Жуалы топырағының тағы бір дарынды перзенті М.Құлибаевқа деген құрметінің де ерекше екенін аудандық мәдениет үйінде өткен «Балғын ұрпақ – бақытым» атты кездесу кешінде сезіндік.

Жуалылықтар қаламгер ұлдарын өнерпаздарымен, ұлттық киім киген көңілдері мөлдір оқушылармен қарсы алып, Мараттың құшағын гүлге толтырып тастады.

М әден иет үйін е лық толған көрерменнің алдында Жуа лы ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асхат Жабағы сөз сөйлеп, Марат Құлибайұлының шығармашылық жолына кеңінен тоқталып, алдағы жұмысына табыс тіледі. Мәкеңнің қаламынан шыққан «Апамның аялы алақаны» атты жаңа кіт абы үшін қуанышын білдірді. Мұнан соң сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков те ақжарма тілегін ақтарды. Ал аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова Марат Құлибайұлының кешін өзі жүргізіп, кісілігін, кішілігін көрсетті.

Кеш барысында Марат Құлибайұлының «Ата аманаты», «Кішкентай азамат» әңгімесі бойынша аудан өнерпаздары балаларды қатыстыра отырып, сахналық көріністер қойды. Аудандық мәдениет үйі жастар бөлімінің меңгерушісі Назипа Қаттебекова мен кеш иесінің арасындағы сырлы сұхбат та сәтті шықты. Сұхбат барысында Марат Құлибайұлы: «13 жыл мектепте мұғалім болып, оқушылардың арасында жүрдім. Балалар тақырыбын таңдауыма, бала психологиясын тануыма осы жағдай әсер етті. Әкем – мұғалім, анам – кітапханашы болды. Менің кітапты қажетті деңгейде оқуыма ата-анам да ықпал етті» деді ағынан жарылып. Мұнан соң ҚР ақпарат саласының үздігі, облыстық «Aq jol» газетінің шолушысы Ақылжан Мамыт, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, аудандық «Жаңа өмір» газетін 23 жыл басқарған ардагер журналист Мейірбек Мәтенов жылы лебіздерін білдірді. Келесі сәтте сахнаға кеш иесінің анасы Нұрғалым Әзимова шақырылып, тебірене сөз сөйледі. Ол перзентінің жолын ашқан Мырзахан Ахмет, Мейірбек Мәтен, Амангелді Ормантаев, Көсемәлі Сәттібайұлы секілді алдыңғы толқын ағаларына алғыс білдірді. Мұнан соң С.Сейфуллин орта мектебінің ұстаздары, Әмірқұл Аташбеков, Гүлсім Пашыралықызы, Еркінкүл Сейдахметова, Наздан Молдакәрімова, Фарида Ниязбекова шәкірттеріне ризашылығын білдірсе, аудандық «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы Перизат Шымыртайқызы да аталған газетте 13 жыл еңбек еткен М.Құлибайұлына ұжымның атынан құрмет көрсетті. Аудан әкімінің Алғыс хаты мен ықылас гүлін әкімнің орынбасары Анар Ахметова табыс етті. Марат Құлибайұлы аудан басшылығына және жерлестеріне құрметі үшін алғысын білдірді.

Іс-шара соңында ауданның Құрметті азаматы, өлкетанушы Дәулетжан Байдалиев «Маған мәлім тазалық адалдығың, Ба ла ларға т аусылмасын базарлығың» деп жыр арнаса, ауданның сыйлы ақсақалы, білім беру ісінің үздігі Әбілқасым Ергөбеков ықыласпен бата берді.

Есет Досалы


 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support