785 гектар алқапқа ұңғыма арқылы су жеткізілмек

2

Өңірдегі шаруалардың басын қосып, қолдағы бар дақылдарды тездетіп егу қажеттігін алға тартқан Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы шаруа қожалық иелерінің егістік алқаптарында болды.

Көктем айында жауын-шашынның көптеп түсуі шаруаларға қуаныш сыйлап отыр. Шаруалар алғаш еккен өнімнің көлемінен алаңдамауға болатынын айтады аудан басшысы.

– Дегенмен аудан шаруалары суару әдістерінің заманауи тәсілдерін меңгергені жөн.
Ауылдықтармен жолыққан сайын жерасты суларын тиімді пайдалану үшін ұңғыма қазу ерекшелігіне тоқталып жүрміз.

Биыл 30 ұңғыма қазу жоспарланса, оның 19-ы аяқталды. Жоспар орындалар болса, 758 гектар алқапты тамшылатып және жаңбырлатып суаруға толықтай мүмкіндік болады.

Шаруаларға тағы бір айта кетерлігі, мемлекет ұңғыма қазуға жұмсаған қаражаттың тең жартысын шаруаға қайтарып береді. Ұңғыма қазғанға дейінгі инфрақұрылым жүйесін жүргізуге де дәл осындай жеңілдік қарастырылған, – деді Е.Қыдыралыұлы.

Бүгінде бұл жұмыстарды Бірлесу-Еңбек ауылындағы «Саят», «Арай агро» шаруа қожалықтары қолданысқа енгізіп отыр.

Өңір басшысы аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөліміне азаматтарға жеңілдікке қол жеткізу үшін тиісті құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсету керектігін тапсырды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.