- Advertisement -

ӨЛЕҢІМ – ӨМІРІМ

406

- Advertisement -

Ақын, облыстық және республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркүн жүлдегері, облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Есет Досалымен кездесу кеші атақты композитор Нұрғиса Тілендиев есімін иеленген Тараз қаласындағы мектеп-интернатта «Өлеңім – өмірім» атты тақырып аясында өтті. Ақынның кешіне журналистер мен айтыс ақындары, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.

Кеш шымылдығын мектеп-интернат директоры Елмира Сауқымбекқызы ашып, Ес ет Досалыны мектеп-интернаттың рухани демеушісі екенін атап өтіп, ақынға зор құрмет көрсетті. Осынау кештің өтуіне мұрындық болған мектептің педагог-ұйымдастырушысы Айжан Қадырқызы жетекшілік еткен мектеп көркемөнерпаздар ұйымы кештің мәнді де әсерлі өтуіне атсалысты.

Ақынның өмір жолымен мектеп оқушысы Айдана Нұрсұлтан таныстырды. Осы мезетте Есет Досалының балалық шағы, ата-анасы мен достары, еңбек ұжымы мен басқа да кештерде түскен суреттері экраннан көрермен назарына ұсынылды.

ір топ мектеп оқушылары Есет Жаңабайұлының өлеңдерін киелі сахнада мәнеріне келтіре оқыды. Ақынның «Өкпешіл болып барамын», «Айтыскер», «Екі дүние арасы», «Оңашадағы толғаныс» тағы басқа өлеңдері оқылып, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Осыдан кейін оқушылар ақын ағаларына балалық шағы, өмір жолы, алғаш жазған өлеңдері, достары туралы сұрақтар қойып, қызықты, өнегелі жауап алды. Бала көңіл Есет Жаңабайұлы оқушылардың жүрегіне жететіндей етіп, балалық шағын, мектептегі қызыққа толы өмірін, шығармашылық жолдағы алғашқы қадамдарын әңгімелей отырып, бала біткеннің езуін жидырмады. Күлкіге де қарық қылып, ойландырып тастайтын ой да тастап үлгерді арасында.

7-сыныпта мақала жазып, 15 жасында киелі сахнаға шығып ақындар айтысына араласқан Есеттің өнеріне тәнті болған балғындардың арасынан өлең жазуға талпынып жүрген 4-сынып оқушысы Расул Смайылов ақынға арнауын оқыды. Содан кейін «Отан», «Қазақ жастары», «Қобыз» деген жаңа туындыларын мәнеріне келтіре оқып берді.

Ақын туралы әріптестері «Aq jol» газетінің аға тілшісі Марат Құлибаев, тілші Есен Өтеулиев, өнер иесі Алмабек Мәмбеталиев тебірене әңгімелеп, ақынның шығармашылығына сәттілік тіледі. Ал ақынның шәкірті Дидар Апбасов ұстазына арнауын арнап, көрермен көңілін бір серпілтіп тастады.

Кешті мектеп-интернат директоры Елмира Сауқымбекқызы қорытындылап, ақынға естелік сыйлықтар тапсырды. Есет Досалы да кеште жақсы өнер көрсеткен балаларға өз кітаптарын тарту етті.

Диас  МАРАТҰЛЫ,

студент,

Тараз қаласы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support