- Advertisement -

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫНА ҚҰРМЕТ

61

- Advertisement -

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Ахмет Байтұрсынұлының
150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты облыстық мектеп оқушылары арасында пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. Іс-шараның Т.Рысқұлов ауданы, Абай ауылында өтуі де ерекшелік болды.

Турнир қазақ және орыс лигалары аясында өткізілді. 74 қатысушы, 34 фракция қатысып, бақ сынады7

Қазақ лигасы бойынша Байзақ ауданы Н.Ақшабаев орта мектебінің оқушылары Аружан Әбутәліп пен Ажар Шадыбек бас жүлдені иеленсе, аталған ауданның Түймекент орта мектебінің оқушылары Нүрила Камаладин мен Балауса Тоқтарбай бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші жүлдені Т.Рысқұлов ауданы, Ә.Бөкейханов орта мектебінен Мерей Аман мен Назым Жақсылық, Меркі ауданының «Алаш-21» фракциясы иеленсе, Шу және Жуалы ауданынан келген білімді оқушыларға үшінші жүлде бұйырды.

Орыс лигасы бойынша Тараз қаласы №7 мектеп гимназиясының оқушылары Милана Пилипенко мен Айдана Ағынбаева бірінші, Қордай ауданы, В.А.Маяковский атындағы орта мектептің оқушысы Динара Османова мен Альбина Ақбердиева екінші жүлделерді иеленді. Ал үшінші жүлде Шу ауданы Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының оқушылары Даниал Василенко мен Элеонора Каракесековаға бұйырды.

Аружан Әбутәліп «Үздік спикер» аталымының жеңімпазы атанса, «Үздік төреші» аталымын Аружан Закирова, Талант Қырықбай, Азамат Тоқберген иеленді. Сонымен қатар «Үздік эссе» байқауында Шапағат Қуандық жеңімпаз атанса, «Үздік пост» аталымын Ерсұлтан Махмудұлы жеңіп алды. Қалған аудандар «Үздік топ», «Үздік делегация», «Ең креативті топ», «Ең интеллектуалды топ» және т.б. аталымдарын қанжығаларына байлап қайтты.

Жа лпы турнир барысында «Кинотеатрларда көрсетілетін барлық фильмдер қазақ тілінде дубляждау керек», «Жоғары оқу орындарын таңдаулы мектептер (мысалы, НЗМ, БИЛ және т.с.с.) түлектеріне оқуға түсудің қатаңырақ шарттарын қолдануға міндеттеу керек», «Милар ағынын» тоқтату жолдары, «Қазақстан ретінде гранттар бөлу кезінде техникалық мамандықтарға қарағанда экономикалық мамандықтарға басымдық беру керек» деген секілді тақырыптар талқылап, өз араларында пікір алмасты. Ал оқушылар арасында нағыз жеңімпаздарды анықтау үшін «Төрешілік оқыту» курсынан өткен сертификатталған төрешілер алқасы шешім шығарды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support