- Advertisement -

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

47

- Advertisement -

D-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы

 Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
теңгеден теңгеге дейін
D-3 В блок 263 131 302 255

 

«Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты» КММ, 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 үй (3-қабат) 309 -бөлме, анықтама үшін телефон: 87014414046, электрондық пошта: Oblmaslihat-taraz@mail.ru,

(Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).

Бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: Жамбыл облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторы (санаты D-3, 1 бірлік) №7.

Функционалдық міндеттері:

В блок. «Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – облыстық мәслихаттың депутаттарының қызметін қамтамасыз етуден туындайтын реттеушілік, іске асыру, бақылау функцияларын жүзеге асыру.

Облыстық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оның шешімдерінің (сонымен қатар стратегиялық шешімдерінің) жобаларын әзірлеу.

Жамбыл облыстық мәслихатының жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыру.

Облыстық мәслихат хатшысының, аппарат басшысының, аппарат басшысы орынбасарының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Облыстық мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттік міндеттерін орындауда, азаматтарды қабылдауда, сайлаушылармен кездесулерін ұйымдастыруда тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсетеді, оларды тиісті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді және олардың сессияларға және облыстық мәслихаттың өзге де шараларына қатысуын қамтамасыз етеді.

Облыстық мәслихаттың сессиясына ұсынылатын мәселелерді және облыстық мәслихаттың шешімдерінің орындалуын облыстық мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп зерделеуді ұйымдастыру мақсатында, облыстық мәслихаттың перспективалық жоспарына және тұрақты комиссиялардың жоспарларына сәйкес іссапарларға шығып тұрады.

Облыстық мәслихат Регламентімен анықталған тәртіп пен мерзімде сессия шешімдерін, тұрақты комиссиялар қаулыларын, облыстық мәслихат хатшысының өкімдерін орындаушыларға жетуін қамтамасыз етеді.

Облыстық мәслихат хатшысы өткізетін кеңестердің хаттамаларын жасайды, олардың уақтылы рәсімделуін қамтамасыз етеді.

Облыстық мәслихаттың бланкілерінің тиісті пайдаланылуын, сақталынуын қамтамасыз етеді.

Облыстық мәслихаты аппаратындағы іс құжаттарын жүргізеді, іс номенклатурасын жасайды, мұрағатқа тапсырылатын номенклатуралық құжаттарды реттейді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша тиісті есеп береді.

Облыстық мәслихат аппаратына келген және жолданатын хаттардың тіркеуін (кіріс және шығыс) жүзеге асырады.

Бекітілген (Талас, Сарысу) аудандардың мәслихаттарымен байланыс жасап, олардан келіп түскен ақпараттарға талдау жүргізеді және басшылыққа мәлімет береді.
Азаматтардың арыздарын, өтініштерін қабылдап тіркеуді жүзеге асырады және олардың орындалуына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары білім немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдары.
Мамандығы: білім (жалпы) немесе құқық (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыретінің болуы, оның ішінде мүмкіндігінше бастамалық, адамдармен тіл табысуы, әдептілік, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құзреттіліктері.

«Қазақстан – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старатегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі(кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1. Құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 309 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87014414046, е-mаil: oblmaslihat-taraz@mail.ru.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support