- Advertisement -

Облыс инвестицияның өсу қарқыны бойынша алдыңғы қатарда

42

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді саясатты қалыптастыру арқылы инвестицияларды тартуға жүйелілікті дамытуды қолға алуға тапсырма берген еді. Осы мақсатта облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны бойынша алдыңғы қатардамыз.

Өңірде «Индустриалды-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» шеңберінде жалпы сомасы 56,6 миллиард теңге болатын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобаларды іске асыру барысында 758 жаңа жұмыс орны құрылады.
Облыс өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да өңірге инвестиция тарту бойынша да жыл сайын тұрақты өсімін көрсетіп келеді. Биылғы 1-тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 63,1 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,0 пайызға артты. Оның ішінде, бюджеттік инвестиция 23 пайызды құраса, меншікті қаражат есебінен салынған инвестиция көлемі 77 пайыз болды.

Үкімет пен облыс әкімдігі арасында қол қойылған меморандум аясында биылға 520 миллиард теңге көлеміндегі индикатор бекітілді.

Биылғы жылға белгіленген индикаторға қол жеткізу бірқатар ірі инвестициялық жобалар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау есебінен, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қатысуымен жоспарланып отыр.

Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында шетелдің қатысуымен 1,6 триллион теңгеге 11 инвестициялық жобалар іске асып, 4626 жаңа жұмыс орындары ашылады. Аталған көрсеткіш ағымдағы жылы шетелдің қатысуымен біршама инвестициялық жобалар құрылыс жұмыстарын бастауымен орындалады.

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы.

Осы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында басқарма тарапынан «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыс бойынша биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде барлығы 13,3 миллиард теңге қарастырылды.

Облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы нәтижелі түрде жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 93,1 миллиард теңгені құрайтын 239 жоба қарастырылуда. Жалпы сомасы 69,6 миллиард теңгені құрайтын 184 жоба мақұлданып, оның ішінде 59,2 миллиард теңгеге 181 жоба қаржыландырылды. 2021 жылы 5,9 миллиард теңгеге 28 жоба қаржыландырылды.Бағдарлама шеңберінде 3166 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде, салық төлемдерінің өсімі 9,1 миллиард теңгені құрап, өндірістің ұлғаюы 92,9 миллиард теңгеге өсуі жоспарлануда.

2022 жылдың 1 cәуірінде облысымызда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 73 603 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,3 пайызға артты. Облысымызда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 73 603 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,3 пайызға ұлғайды.

Қорыта айтқанда, биылғы жылы өндіріс орындары мынандай жаңа өнімдер шығаруда: «Жамбылгипс» АҚ гипсокартон өндірісін, «Джон Бан МеталлПром» ЖШС мырыш тотығын; «Тараз арматуралық зауыты» АҚ құрылыс арматура өндірісін іске қосуда.

Сұраншы ӘЛІШЕР,
облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының инвестиция және индустриалды-инновациялық дамыту
бөлімінің басшысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support