- Advertisement -

ЖАСТАРҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

19

- Advertisement -

[ File # csp2871160, License # 2360003 ]
Licensed through http://www.canstockphoto.com in accordance with the End User License Agreement (http://www.canstockphoto.com/legal.php)
(c) Can Stock Photo Inc. / AlexKalina
Биыл «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы аясында аймақтағы жастарға жеңілдетілген баспана несиесі беріле бастайды. Алайда оның өзіндік талаптары болады.

Бұл жөнінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте жан-жақты сараланды. Жиында жастар саясаты мәс елелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа аталған өңірлік бағдарламасының орында лу барысы тура лы баяндады. Облыста мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы облыстық мәслихаттың шешімімен (2020 жылғы 15 қазандағы 50-12) қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітілген. Іс-шара жоспары 11 бөлім, 94 тармақтан тұрады. Кешенді жоспарды іске асыруға 5 жылға 1,3 миллиард теңге қарастырылған Өткен жылы бағдарламаның тиімді іске асырылуын бақылау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. 94 тармақтың 80-і орындалса, қалғаны ұзақ мерзімге жоспарланған.

Зерделеу нәтижесінде Тараз қаласы мен аудандарда бірнеше кемшіліктер анықталды. Аталған әкімдіктердегі салалық бөлімдер т апсырманың мер зімінде орындалуына баса назар аудармаған және таныспаған.

Кемшіліктер бойынша әкімдіктермен тиісті ұсынымдар беріліп, кемшіліктер түзетілді, – дей келе басқарма басшысы Сарысу, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Мойынқұм ауданының әкімдері бағдарламаның аудан көлемінде іске асырылуын бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде облыста жаңа бастама ретінде Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беру жобасы ағымдағы жылдың шілде айында іске аса бастайды деп жоспарлануда. Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жас отбасыларға қолдау мақсатында дайындалды.

– Бағдарламаны әзірлеуде облыстың ерекшеліктерін ескере отырып және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оң нәтиже берген пилоттық бағдарламалар негізінде алынды. Бұған дейін облыста жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бағдарлама болмаған, –деді С.Берікқожа.

Жалпы облыста тұрғын үй алуға кезекте – 7 140, жер телімін алуға кезекте тұрған – 10 787 жас бар. Өткен жылы ипотекалық несие рәсімдеген жастар саны – 318 (2020 жылы – 395) клиентті құраған.Аталған жоба аясында жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы 13 миллион теңгеге дейін. Несие беру уақыты – 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз, бастапқы жарна – 5 пайыз Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі ҚР азаматы қатысады және негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Басқарма басшысы жобаға кезекте тұрған мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер қатыса алмайтынын, негізінен басқа ипотекалық бағдарламарда қамтылған санаттарға жатпайтын, бірақ төлем қабілеті бар жастарға басымдық беріліп отырғанын жеткізді.

Облыс әкімі бағдарламаның кей тетіктерін заңдық тұрғыда қайта қараудын маңыздылығын атап өтті.

– Бағдарламаның мақсаты жақсы. Бізге керек жоба. Дегенмен кей тетіктерін қайта қарау керек. Ертең жастар немесе қатысуға ниеттілердің арасында түсініспестік туындамас үшін, жан-жақты саралап, шешім қабылдауға тиіспіз. Түсіндіру, ақпараттық жұмыстарды барынша жүргізу маңызды, – деген аймақ басшысы жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support