- Advertisement -

Студенттер спорттан да мықты

50

- Advertisement -

Волейболдан студенттер арасында облыстық турнир өтті. Оған өңіріміздегі бірнеше колледждерден құрама командалар қатысып, өздерінің бағын сынады. Аса тартысты өткен ойында студенттердің волейбол спортын жақсы меңгергендері көрініп тұрды. Жастар жүрген жер мереке емес пе, бұл жарысты тамашалауға келгендер де аз болмады.

Шиеленіске толы ойындарды қызыға тамашалаған жанкүйерлер өз командаларына қолдау көрсетуді де ұмытпады. Нәтижесінде Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің құрамасы жеңімпаз атанса, «Тараз-Болашақ» колледжінің құрама командасы екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті «Әлем» колледжінің командасы түйіндеді. Дегенмен бұл жарыста Жамбыл жоғары медициналық колледжі және №1 Тараз сервис және технологиялар колледжінің командалары да жақсы өнерлерімен есте қалды. Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаз және жүлдегер командаларға диплом және бағалы сыйлықтар берілді. Турнирдің үздік ойыншылары да анықталып, арнайы марапаттарға ие болды. Бұл жарыс студенттердің білімге құштарлықтарынан бөлек спортқа да көңіл бөлуге уақыт табатындарын, жан-жақты екендіктерін көрсетті. Мұндай турнирлер алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері арасында да жалғасын табатын болады.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support