- Advertisement -

Көкпар көркі қыза түсті

63

- Advertisement -

Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылының аумағындағы «Атшабар» алаңында көкпардан өтіп жатқан ҚР чемпионаты күннен күнге қыза түсуде. Өңіріміздің мақтанышы «Әулиеата» көкпар клубының ересек жігіттері өңір намысын абыройлы қорғап келеді.

Біздің жігіттердің арасында Әлем және Азия чемпионы Бағлан Шырынбаев, Азия чемпионы Құрманбек Тұрғанбек және Жасұлан Қожақұл, Құлажан Тоғайбаев, Манарбек Дүйсенбаев, Құрманбай Есжан бастаған кілең үздіктер бар. Клубтың бас жаттықтырушысы – танымал көкпаршы, мақтанышымызға айналған азамат Нұрдәулет Момынов.

Жамбылдық жерлестеріміз әуелі Атырау облысының командасын 7:2 есебімен ұтып мерейімізді үстем етсе, екінші ойында астаналықтардан да басым түсті. Алда біздің құраманы бағалауға тұрарлық мықты қарсылас, қызықты ойындар күтіп тұр. Бұл чемпионатта Түркістан, Алматы облысының командалары да сәтті өнер көрсетуде. Көкпар өнеріне деген халқымыздың құрметін осында ерекше көп жиналған көрермендерден көруге болады.

– Көкпар қазақтың намысы мен қайсарлығы.  Көкпар – қазақтың батырлық болмысы. Сондықтан біз Талас ауданынан арнайы келіп осы чемпионатты тамашалап отырмыз. Біздің таластық жігіттер де көкпарды жоғары орынға қояды. Әр ауылда көкпар өтіп тұрады. Бұл жігіттің жігіті, мықтының ең мықтысы ғана қатысатын ғажайып өнер. Осы чемпионатта жерлестеріміз «Әулиеата» командасына жеңіс тілеймін, – деді көкпарды тамашалауға келген таластық Әбіхан Мұсаев.

Есет ДОСАЛЫ.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support