Біздің күшіміз бірлікте

5

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің саяси жүйесін жаңғырту мəселесі баяндалып,
«Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстану арқылы мемлекетті демократияландыру үдерісіндегі Президенттің өкілеттілігін қысқарту көзделген. Сол арқылы Парламенттің төменгі палатасының құзыретін жоғарылатып, елдің тұрақты, жан-жақты дамуын жолға қойып, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау басты назарға алынған.

Басты құжаттан біздің ұққанымыз — «Бірлігіміз – әралуандықта» деген. қағидамыз ешқашан өзгермейді. Сондықтан этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағытының бірі болған. Біздің азаматтарымыз үшін келісім мен толеранттылық – мәдениеттер мен тілдерді өзара тоғыстыратын өмірдің шынайы көрінісі, нақты болмысы. Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі.

Президент: «Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі», – деп айтты. Бұл орайда, жас әрі дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар, қаламгерлер жаңа жанр түрлерін игеріп, ұдайы ізденіс үстінде жүруі тиіс. Алайда бүгінде олар елеусіз қалып, меценаттардың көмегімен ғана күн көріп жатыр. Шын мәнінде, Қазақстан мәдениеті сол жас дарындардың арқасында жаһандық деңгейде танылып жүрген жоқ.

па? Сондықтан Үкімет сарапшылармен бірлесіп, жыл соңына дейін жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуға тиіс. Қ.Тоқаевтың бұл тапсырмасы дұрыс бастама деп ойлаймын.

Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған. Біз қанымызға сіңген осы қасиеттен айырылмауымыз керек. Дәл осы кезеңде ұлт зиялыларының ұстанымы және белсенділігі айрықша маңызды. Зиялылардың еңбегі марапатымен емес, салиқалы сөзімен және нақты ісімен бағаланады. Басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру. Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәріптелуі керек. Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды. Шын мәнінде ұйымдасқан ұтады. Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік!

Бұл уақыт тарих беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының – Жаңа Қазақстанның бастауы болады. Президент әрбір сөзінде халықтың пікіріне құлақ асып, шешім қабылдағанын жеткізді. Соның ішінде жаңадан облыстар құру, Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты атау берудің астарында зор мағына бар. Ерекше бір айта кететіні, халық егер қарсы болмаса, Қапшағайдың атауын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, жерлесіміз Дінмұхамед Қонаевтың атына беруді де ұсынды. Біз бұл ұсынысты толық қолдаймыз.

Айжан МОЛДАЗИМОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, Ерқанат МЫЛТЫҚБАЕВ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті.

Comments are closed.