- Advertisement -

Өзгерісті әркім өзінен бастау қажет

76

- Advertisement -

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың маңызы зор. Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев облыс зиялылары, ардагерлері мен белсенді жастардың қатысуымен Жолдаудың бағыттары бойынша дөңгелек үстел жиынын өткізді.

Басқосуды кіріспе сөзбен ашқан Алмас Қадірбекұлы «Мемлекет Басшысы ағымдағы жылдың 16 наурызында «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, мемлекеттің саяси дамуының 10 бағытын айқындап берді. Президентіміз айтқандай, саяси жаңғыру Президентіміз айтқандай, саяси жаңғыру – нәтижелі жүзеге асуы үшін баршамыз  жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Заң – баршаға ортақ. Бұл ретте билік пен қоғамның біріге отырып, Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімінде қалануына белсенді түрде атсалысуы маңызды. «Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Ха лықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін», – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткенін баршаңыз жақсы білесіздер. Жолдауда жүктелген басымдықтарды жүзеге асыруда ашықтық пен жүйелілікті негізге ала отырып, әрбіріміз тиімді әрекет етуге тиіспіз», – деп зиялыларды ашық пікір алмасуға шақырды.

Бұдан кейін сөз алған тарихшы, Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығы» мекемесінің директоры Сауран Қалиев Жолдаудағы елдің дамуына арналған жаңа реформалар дер кезінде айтылғанын алға тартып, Президент Тоқаевтың батыл шешімдеріне кеңінен тоқталды.

Келесі кезекте Білім және ғылым салалық кәсіподағы Тараз қа ла лық кәсіподақ ұйымының бас маман-заңгері Арман Ыстыбаев, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғылыми сараптамалық бөлімінің басшысы Ербол Каншимбеков өздерінің пікірлерін білдірсе, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Марал Исакулова Мемлекет басшысының бастамаларын қуана қолдайтынын айтты. Халықаралық Тараз инновациялық институтының имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторының жетекшісі Бахтияр Бекназаров Жолдаудың жастарға серпін бергеніне тоқталды.

Жиынды Алмас Садубаев қорытындылап, Жолдау бағыттарын қолдау қашанда өзекті екенін айта келіп, келген қонақтарға алғысын білдірді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support