- Advertisement -

Тиімді қарым-қатынас нығая бермек

41

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Қырғыз Республикасының Талас облысының губернаторы Бақытбек Нарбековпен кездесті. Өңір басшысы екі ел арасындағы өзара тығыз байланысты атап өтті. Әсіресе көршілес республикамен облысымызбен жылы қарым-қатынас орнады.

Ағымдағы жылдың 2 айында облыстың Қырғыз Республикасымен тауар айналымы 50,4 миллион АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 24,2 миллион, импорт – 26,2 миллион АҚШ доллары. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы дәстүрлі достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады. Жамбыл облысын суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бекітілген кестемен жоспарға сәйкес биылғы жылы Киров су қоймасынан келетін су көлемі 500,0 млн.м3 құрайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support