- Advertisement -

Серіктің турнирінен серпіліп қайтты

148

- Advertisement -

Жаңатас қаласында бокстан КСРО және Азия чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Өмірбековтің жүлдесіне арналған І республикалық турнир өтті. Жалпы, аталған жарыс осы уақытқа дейін облыс көлемінде ұйымдастырылып келсе, биыл жарыстың ауқымы кеңейіп,еліміздің әр түкпіріндегі балғын боксшыларды қуантты.

Бәсі жоғары бәсекеде ауданымыздағы №31 және №32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің талапты шәкірттері де бақтарын сынады. Жас жерлестеріміз сенімді ақтады. Аталған турнирде үздіктер қатарынан көрінген Еркебұлан Берікбай, Сағдат Әмір, Ерсұлтан Қалдыбекұлы, Ерасыл Сағынтай, Нұрдәулет Асқаров спорт шеберіне үміткер дәрежесін орындады. Ал №32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Жанғали Қарғабаев турнирдің үздік төрешісі атанды.

—  Республика көлеміндегі мұндай жарыстарда спорттың дәреже  нормативін орындауға мүмкіндік мол. Біз де осы сәтті мүлт жібермеуге тырыстық. Расымен, бір жарыста бес бірдей шәкіртіміз спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындауы үлкен жетістік. Жарысқа менің шәкірттерімнен бөлек, жаттықтырушылар Жанболат Қалдарбеков, Руслан Бидайшиев, Жанғали Қарғабаев бастап жүрген талантты балалар қатысты. Бұл жетістік алдымен талантты спортшыны танып, қолдау көрсеткен №32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дүйсен Бөлегеновтің, спорт мектебі директорының орынбасары Мейрамбек Шәмшиевтің еңбегі, – дейді аға жаттықтырушы Ермек Сүлейменов.

Нарбол НАРША,

журналист.

Талас ауданы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support