Хабарландыру

6

2022 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік бюджетке 3,6 трлн. теңге салық түсімдері кірістелген.

2022 жылғы 1-тоқсанда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,7% орындалды. Бекітілген жоспар 3 390,5 млрд. теңге құрап, 228,6 млрд. теңгеге асыра орындалған, салық түсімдері – 3 619,2 млрд. теңге.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе немесе 1 520,9 млрд. теңгеге өсті, оның ішінде:

– Республикалық бюджет 100,2% орындалды (жоспар бойынша 2 572,6 млрд.теңге, 4,9 млрд. теңгеге асыра орындаумен 2 577,5 млрд. теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе немесе 1 289,3 млрд. теңгеге өсті.

– Жергілікті бюджет 127,3% орындалды (жоспар бойынша 817,9 теңге, 223,7 млрд. теңгеге асыра орындаумен 1 041,6 млрд. теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,6% немесе 231,6 млрд. теңгеге өсті.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда Республикалық бюджет түсімдердің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 502,2 млрд. теңгеге немесе 2,3 есе, ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығы 408,7 млрд. теңгеге немесе 5,9 есе және экспорттық кеден баждары бойынша 212,2 млрд. теңгеге немесе 2,2 есе өскені байқалады.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

2022 жылғы 1-тоқсанда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 65,5%, алюминийге 56,2%, мырышқа 36,2%, мысқа 17,8%, қорғасынға 15,5% және алтынға 4,2% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 60,0%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 1-тоқсанда 1 тонна үшін – 50,0$, 2022 жылғы 1-тоқсанда 1 тонна үшін – 80,0$).

Ағымдағы жылғы 1-тоқсанда үшінші елдермен тауар айналымы 1,6 есеге ұлғайды (экспорт 1,7 есе, импорт 1,2 есе өсті).

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 1-тоқсанда өткізу бойынша айналым 25,1%-ға ұлғайды (22 351 млрд. теңгеден 27 971 млрд. теңгеге дейін).

Жалпы, 2022 жылғы 1-тоқсанда электронды шот-фактуралар деректері бойынша үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі 3,6 есеге, өнер, ойын-сауық және демалыс 1,8 есеге, өзге де қызмет түрлерін ұсыну 1,7 есеге, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1,6 есеге, ақпарат және байланыс 58,1%-ға, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 44,7%-ға, құрылыс 29,9%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы 29,6%-ға, білім беру 26,9%-ға, көтерме және бөлшек сауда 24,8%-ға және өнеркәсіпті өңдеу 22,8%-ға өсті.

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар-ақпан айында бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарынан орташа түсімі 60,3%-ға ұлғайды (5,7 млн. теңгеден 9,1 млн. теңгеге дейін).

Бұл ретте, салалар бөлігінде орташа түсімнің өсуі қаржы және сақтандыру қызметі 2,5 есеге, көлік және қоймаға қою бойынша 2 есеге, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 1,9 есеге, өзге де қызмет түрлерін ұсыну – 32,0%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 30,6%, ақпарат және байланыс – 25,4%, тұру және тамақтану бойынша қызметтер 23,7%-ға өскені байқалады.

 

Comments are closed.