- Advertisement -

Құрманов тобы «Құрман» командасына ғана есе жіберді

207

- Advertisement -

Маңғыстауда кіші футболдан ҚР чемпионатының «Жұлдыздар лигасы» турнирінде Әулиеата өңірінен барған «Жамбыл» құрамасы жасындай жарқылдап, финалға дейін еркін жетті. Жерлес құраманың сапында жамбылдық айтыскер Нұрлыбек Құрманов пен танымал журналист Нұржан Туғанбай бар екенін айта кеткен жөн. Олар финалда астаналық «Құрман» командасына есе жіберіп, екінші орынды иеленді.

Бір сөзбен айтқанда, құрамында Құрманов ойнаған команданың «Құрман» командасына ғана әлі келмеді. Осы ойынға біздің облыстан команда баруына қолдау білдірген Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев, облыс әкімдігі жастар мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа бастаған азаматтардың ісі құптауға тұрарлық. Мұндай қолдаулар болса, ақындар мен өнерпаздардан құралған «Жамбыл» командасы талай жеңістерімен қуанта береріне сенімдіміз.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support