- Advertisement -

ҮШ ЖОЛАУШЫНЫҢ ОЙЫ

15

- Advertisement -

Сабыр мен кешірім айы саналған Рамазанда тәрбиелі сөз айтудың артығы болмаса керек. Дін өкілдерінің айтуынша, оразаның ішіп-жеуден тыйылудан кейінгі мақсаты да осы.
Ертелеу заманда үш кісі жолаушылап келе жатып, аулақта, жолға жақындау тұстан шұңқыр қазып жатқан адамды көреді. Сөйтіп, әлгі адам жайлы үш түрлі пікір айтады.

Біріншісі: «Мынау кісі ниеті жаман адам сияқты. Біреуге қастандық жасап, енді соның денесін осы жерге көміп тастағалы жанталасып жер қазып жатыр, – депті. Сонда екіншісі: «Меніңше, ол адам ойламаған жерден қабымен алтын тауып алғанға ұқсайды. Сол қазынасын жасырып жатқан шығар» – депті. Үшінші жолаушы сабырлы кісі екен. Ойын пісіріп, ең соңынан сөйлеп: «Қателесесіздер. Ол кісі – жақсы адам. Әдейі жолға жақын жерден жолаушыларға арнап, құдық қазып жатыр. Бір кісі еңбек етіп құдық қазса, мың кісі мейірленіп су ішпей ме?» – депті.

Бұл кішкентай мысалдан көргеніміздей, әркім өзіне лайық ой ойлайды. Өзің жайлы өзгелер жақсы ойлап жүрсін десеңіз, өзіңіз де басқалар жайлы жақсы ойда болыңыз. Жақсылық жасап жарысқандар бәрінен озады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support