- Advertisement -

Саяси реформа партияларға тең құқық береді

31

- Advertisement -

«Ақ жол» ҚДП-ның облыстық филиалының кеңсесінде дөңгелек үстел өтті. Басқосуға арқау болған тақырып – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауында жария болған реформалар. Саяси реформалар елге, басқару жүйесіне қандай өзгерістер әкеледі? Осы сауал төңірегінде әңгіме қозғалған басқосудың модераторы – партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова Жолдаудан туындаған өзгерістер жүйесіне кеңірек тоқталды.

Жалпы Президент Жолдауы – жаңа кезеңнің бастауы екені сөзсіз. Жолдауда жарияланған елдегі саяси реформалар басқару жүйесіндегі өзгерістерге, әсіресе саяси партиялардың тең құқық негізінде дамуына жол ашатыны анық. Жиында осы мәселелер сөз болды.

«Ақ жол» ҚДП-ның облыстық филиалы төрағасының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі Әлмахан Мәдібеков Жолдауда көрсетілген көптеген тың бастамалардың, әсіресе жаңа өңірлердің пайда болатыны туралы шешімдердің, тағы да басқа бастамалардың басым бөлігі ақжолдықтар ұсынған ұсыныстар екенін тілге тиек етті.

Ал филиал заңгері Асқар Қошмамбетов саяси реформаларға байланысты Конституцияға, бірқатар заңнамаларға енгізілуі тиіс өзгерістерге тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелге Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Зухра Мырзалиева, ҚХП-ның төрайымы Ж.Бастаубаева, «Невада-Семей» қозғалысының облыстық филиалының басшысы Раиса Рысқұлбекова, «Азаматтық құқықтық қорғау комитеті» қоғамдық ұйымының басшысы И.Федорова және «Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихатының депутаты Берік Тлебаев, қалалық мәслихаттың депутаттары Меруерт Қошмамбетова, Алишер Каримов қатысты.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support