- Advertisement -

Бюрократиядан құтылып, нақты іске кірісу қажет

43

- Advertisement -

Кеше «Тараз»ӘКК» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің отырысы өтті. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысқан жиында корпорацияның даму стратегиясы жан-жақты қаралды.

Ке зде суде алдымен «Тараз»ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Дәулет Әбілқайыров корпорация жұмысын жүйелеудің стратегиялық бағыты және мақсаты туралы баяндама жасады. Корпорацияны дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жұмыс стратегиясы негізгі алты бағыттан құралған. Соның негізгісі – өңірде инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру. Бесжылдық жобаның т аныстырылымын мұқият тыңдаған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов те инвестициялық жобаға басымдық беру мәселесін қолдады. Аймақ басшысы бүгінде жемісін беріп отырған облыс тұрғындарының тұрмысын арттыруға бағытталған пилоттық жобасының тиімділігі мол екенін айта отырып, директорлар кеңесінің мүшелеріне жобаның өңін өзгертпей жалғастыруды тапсырды.

– «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на үлкен міндеттер жүктелген. Басты мақсат инвестициялық жобаларға басымдық беру, инвестиция тартумен айналысуға 11 маманды бекітуді көздеген соң, мамандардың біліктілігіне жоғары мән берген дұрыс секілді. Бірнеше тілді меңгерген әрі ісіне тияқты мамандарды тарту керек. Тағы бір мәселе, Жуалыдағы сүт өңдейтін зауытта сүт тапшылығы орын алып отыр дедіңіздер. Негізі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке жүгінсек, облыста сүт жеткілікті. Сіздер сараптаманы жүйелі жасамағансыздар. Пилоттық жоба аясында мал шаруашылығын бастаған кәсіпкерлердің қатары көбеюде. Сүт аз болса, мүйізді ірі қараға бай жақын аудандардан сүт жеткізу мәселелерін де қарау қажет. Ең бастысы, Үкімет тарапынан берілген мүмкіндікті жүз пайыз пайдалану керек,–деді Нұржан Молдиярұлы.

Облыс әкімі жиында өңірдегі 14 кооперативке агрономдарды тарту мәселесін көтерді. Нұржан Нұржігітов бір ауданға кем дегенде бір білікті агроном шақыру арқылы өнімді еселеп алудың жолдарын қарастыруға болатынын айтты. Сонымен қатар облыс әкімі бесжылдық жобаға өтімді әрі жемісті жүзеге асатын жобалар ұсынылса, барынша қаржылай қолдаудың тетіктерін қарастыратынын жеткізді. Бұдан бөлек корпорацияға қайырылған азаматтардың мәселелерін тез арада шешу мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Осы ретте аймақ басшысы корпорацияға бюрократиядан құтылып, пилоттық жоба аясында несие алуға өтініш берген тұрғындардың мәселесін жедел шешудің маңыздылығын ескертті.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support