- Advertisement -

Саңырауқұлақтарды рұқсатпен алайық

17

- Advertisement -

Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.

Түрлері бойынша жейтін саңырауқұлақтар және жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.

Осыған байланысты облысымыздағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде саңырауқұлақ теру тек Қазақстан Республикасы Орман кодексінде көрсетілген талапқа сәйкес қатаң есептегі орман билеті бланкісі арқылы рұқсат беріледі. Қатаң есептегі орман билетін облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасына қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінен алуға болады. Сонымен қатар «Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы №24-9 шешіміне сәйкес саңырауқұлақтың 1 кг 107 теңгені құрайды. Егер саңырауқұлақ өсімдігін теретін болсаңыз төменде көрсетілген іс-әрекеттерге байланысты жүгінуге болады. Олар:

1. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне қарасты мемлекеттік орман қоры учаскесінен саңырауқұлақ өсімдігін теретін болсаңыз, өтініш жазу керек;
2. Өзіңіз теретін саңырауқұлақ өсімдігінің килограмына байланысты төлемақы сомасын жасайсыз;
3. Төленген сомаңыздың түбіртек көшірмесін тапсырып, сол арқылы қатаң есептегі орман билеті бланкісі беріледі.

Сонымен қатар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде саңырауқұлақ өсімдігін заңсыз терген жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 370-бабының 3-тармағына сай 3 АЕК әкімшілік айыппұл салынады.

Дарын АЙДАРОВА,
облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Орман және Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support