- Advertisement -

1922 – 2022: ШЕЖІРЕЛІ ЖЫЛДАР

131

- Advertisement -

Жалғасы. Басы өткен санда

1 қаңтар. №1 (66) 

Соғыс жағдайына сай газет аптасына алты рет (дүйсенбіден басқа күндері) шыға бастады. Жауапты редактор ретінде Ғабды Аманғалиев қол қойып отырды. Соғыс  жағдайына сай газет аптасына алты   рет (дүйсенбіден басқа күндері) шыға бастады. Жауапты редактор ретінде Ғабды Аманғалиев қол қойып отырды. Таралымы 4200 данаға дейін жетті. Негізгі тақырыбы – майдан хабарлары, тылдағылардың тыныс-тіршілігі. Жаңа жылдық нөмірінде 1941 жылдың жоспарын табысты орындаған кәсіпорындар туралы мақа ла берді. Майданда шайқасып жатқан жамбылдық гвардия жауынгерлері Әбдікерімов, Вор ожби тов, Галкиндердің қалалық партия комитетіне жолдаған, жерлестерін жаңа жылмен құттықтаған жеделхаты жарияланған.

9 қаңтар. №7 (666).

«Жылы киім бермеген бірде-бір еңбекші қалмасын» деген бас мақала сол күндердің басты қам-қарекетінің бірінен хабар береді. Мақалалар топтамасында елдің майданда шайқасып жатқандарға көмектері жайлы айтылады. Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов) ауданының «Жарлы-су» ұжымшарынан Ақай Қалиев бір жақсы тонын, бір пар киіз байпақ (пима), бір жылы кеудеше, бір пар ішкиім және бір сүлгіні ұрыс далаларындағы жауынгерлерге жөнелткен. Ал Талас ауданындағы «Үшарал» ауылдық кеңесінің төрағасы Көкірекбаев екі жауынгерді толық киіндіруге жететін киім-кешек салып жіберген. Осы ауыл бойынша Қызыл Армияға сыйлық есебіне 500 килограмм ет, 30 килограмм сарымай жиналған. Аудандағы Бостандық ауылдық кеңесінің төрағасы Қылышбековтың да жылы киім жинауды ұйымдастырудағы ісі үлгі етілген.

Газеттің осы санындағы Асқар Тоқмағамбетовтың «Қар үстіндегі таракандар» фельетоны неміс фашистерінің қынадай қырылып жатқанын сатира тілімен елге жеткізеді.

12 ақпан. №36 (655).

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының төрағасы Ә.Қазақбаев Жамбыл облысына келіп 1941 жылы қант қызылшасынан мол өнім алғандарды марапаттады. Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданының «Қарасу» және «Көкөзек» ұжымшарларының қызылшашылары Зияда Аманова мен КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Наужан Дидарбекова, Луговой (Т.Рысқұлов) ауданының «Еңбек» ұжымшарының бригадирі Торша Өскенбаевалар Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамоталарын алды. Үкімет басшысының қатысуымен өткен облыстық кеңесте сөз сөйлеген қызылшашылар әрқайсысы екі-үш адамның орнына жұмыс істеп, мол өнім өсіретіндіктерін айтты.

10 наурыз. №58(717).

Бұл нөмірде көктемгі егіске ұйымдасқан түрде шығуға шақырған мақала-хабарлар жарияланды. Республиканың бас басылымы – «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған «Жамбыл облысында соғыс кезіне сай қатаң тәртіп жоқ» деген сын мақаланы көшіріп басты. Онда Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы М.И.Ткаченконың атына қатаң сындар айтылған болатын.

16 маусым. №141 (800).

Газет редакциясы облыстың өнеркәсіп орындарындағы, ауыл шаруашылығындағы социалистік жарыстың алдыңғы қатарлыларын жазып отыру үшін өзінің бетінен Құрмет тақтасын ашқанын оқырмандарына хабарлады. Осы және келесі сандарында оларды үзбей бере бастады.

4 шілде. №157 (816).

Оңтүстік Батыс майданында жаумен шайқасып жүрген газеттің бұрынғы тілшісі Әшімбек Көкірекбаевтың «Жауынгерлік сәлем» деген хаты басылды. «Коммунист» газетіне жолдаған хатында ол өз еркімен соғысқа аттанғанын айта келіп, Меркі ауданы, «Большевик» ұжымшарындағылардың еңбек майданында табысқа жетулеріне деген тілегін жеткізген.

14 қазан. №244 (902).

Облыс еңбекшілері майдандағыларға 13 вагон мерекелік сыйлық жөнелтті. Газет бұған облыстың барлық аудандары мен еңбек ұжымдары белсене қатысқанын жазды.

12 желтоқсан. №285 (954).

Бірінші бетке «Қазақстан колхозшысы» танк колоннасын жасайық!» деген жалпы тақырыппен топтама берілген. «Правда» газетінің «Тамбов колхозшылары мен колхозшы әйелдерінің патриоттық бастамасы» бас мақаласы көшіріліп басылған. Свердлов ауданының Ленин атындағы ұжымшарында өткен митингіде тамбовтықтар бастамасымен «Қазақстан колхозшысы» танк колоннасын жасауға қаржы жинауға міндеттеме алынғаны жайлы мақала да осы бетте. Сол жиында ұжымшар төрағасы Бижасаров – 3000, тракторшылар Қосалбаев, Қарманов, бригадир Тоқтарбаев – 2000, колхозшылар Сүлейменова, Шонтаевалар 1000 сом ақша берген. Басқалар да шама- шарықтарына қарай үлес қосқан. Екі
сағат ішінде 20000 сом қаржы жиналған.

Дайындаған
Тұрсынхан ТОЛҚЫНБАЙҰЛЫ.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support