- Advertisement -

Тараз қалай түрленбек?..

27

- Advertisement -

DCIM100MEDIADJI_0043.JPG

Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаевтың төрағалығымен Q-88 Қазақстан Урбанистер Қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті. Жиында бірлестік кеңесінің төрағасы Ерлан Әукенов қауымдастықтың қызметі мен жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтып, қаланың инфрақұрылымына жүргізген талдау нәтижелерімен бөлісті.

Урбанистика – қалаларды дамыту, адамдардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасау үшін қаланың кеңістігін дұрыс пайдалану туралы ілім.

Басқосуда әлемдік мегаполистерді мысалға ала отырып, қалалық инфрақұрылымды трансформациялаудың презентациялары ұсынылды.

Қауымдастық өкілдері қаламыздың инрақұрылымына жүргізген талдау бойынша, қоғамдық нысандардың көпшілігі (саябақтар, скверлер, аллеялар) типтік жоба бойынша жобаланғаны, нәтижесінде сәулет пен ландшафттың үйлесімділігінің төмен деңгейде екендігі, әлеуметтік кеңістіктің дұрыс қолданылмауы, веложолдардың жоқтығы, саябақтық жиһаздын тапшылығы және талдардың бірізділігі туралы айтты. Сондай-ақ қауымдастық сарапшылар қоғамдық нысандардың көпшілігін урбанистика және дизайн сарапшылары емес, құрылыс мамандары салғандығы байқалатындығын жеткізді.

Презентацияда қалада веложолдар орналастыру үшін қолайлы маршрут, скверлерді, саябақтарды жайластырудың көрнекі мысалдары, біздің климатқа қолайлы,нәтижесінде жыл бойы гүлдей беретін жасыл желектердің түрлерін таныстырды.
Ержан Жұматұлы қауымдастықтардың басқа өңірлерде іске асырған жобалараға жоғары баға беріп, биылғы жылы Таразда қоғамдық нысандарды абаттандыру бойынша бірнеше көлемді жоба жоспарланғанын атап өтіп, қауымдастық мүшелерінен жобалардың тиімді және концептуалды іске асыру мақсатында сараптамалық пікір білдіруді сұрады. Сондай-ақ кездесуге БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.Қоғам белсендісі Жанна Мамашева өз кезегінде бұл жұмыстың көлемді екенін және ең алдымен қаланың жеке құрылымын ескеру қажет екенін айтты,өйткені көптеген ғимараттар мен жолдар кеңес заманында жасалған, дегенмен мұндай жобаларды жүзеге асыру қаланы жақсартудағы тиімді шығармашылық бастама екендігін атап өтті.
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support