Т. Рысқұлов
Т. Рысқұлов
Бүгінде Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығына дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында қарттар мен ардагерлердің қатысуымен өткен VI пленумда айтылды. Жиында Абай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Секербеков қарттарға қатысты өзге де іс-шараларды тілге тиек етті. Ал ардагерлерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер жайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш. Қосалов әңгімеледі.