МЕН «AQ JOL» ГАЗЕТІНЕ РИЗАМЫН

18

Күләш АХМЕТОВА,
ақын, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының иегері

Қырдағы жауқазын ең желбіреген.
Тағдырдың жолын маған белгілеген.
Жамбылға жас күнімде келіп едім,
Жас қиял, жас үмітпен, мөлдіреген.

Тұрғанда нұрын төгіп, ашық аспан.
Қолыма қалам алдым жасымастан.
Аялап, сенім беріп сонда маған,
«Жыр» деген сұлу әлем есік ашқан.

Дүние – түсінгенге ғаламат кең,
Самғауды, шарықтауды қаламап па ем?
Газетте бір топ жырым жарық көрді,
«Сапарың сәтті болсын» деген атпен.

Сапарым сәтті болды өлеңдегі.
Жарықтық, Жамбыл бабам кемеңгерім.
Мен «Aq jol» газетіне ризамын,
Талабымды таныған тәлімгерім!

 

Comments are closed.