- Advertisement -

«AQ JOL»-дың марапаттары мен жүлделері

47

- Advertisement -

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1972 жылғы 17 қарашадағы Жарлығымен облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Aq jol») газеті өңір еңбекшілерін коммунистік рухта тәрбиелеу, оларды шаруашылық және мәдениет құрылысының міндетін орындауға жұмылдыру ісіне лайықты үлес қосқаны үшін жоғары үкімет наградасы «Құрмет белгісі» орденімен наградталды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1982 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен «Еңбек туы» газеті
Құрмет грамотасымен марапатталды. Редакция ұжымы 1987 жылы республикалық «Табиғатты қорғау және оның бұқаралық ақпарат құралында жариялануы» атты конкурста 2-орынды иеленді.

1990 жылы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты «Ақ жол» газетіне осы одақтың Құрмет грамотасы тапсырылды. Басылым 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырған «Қазақстан елді мекендері тұрғындарының мәселелері» конкурсында «Кәсіби БАҚ» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

2008 жылы редакцияға ардагер журналистерге қолдау-көмек көрсеткені, балалар үйіне қол ұшын созғаны және әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді көтергені үшін жыл сайынғы ұлттық қоғамдық «Алтын жүрек» сыйлығы табыс етілді. «Ақпараттық қолдаушы» аталымы бойынша тағайындалған бұл сыйлыққа сол жылы республика көлемінде үш бұқаралық ақпарат құралы ғана ие болды.

2009 жылы «Ақ жол» газеті тұтынушылардың аймақтық «Қыран» лигасы ұйымдастырған «Жыл таңдауы» байқауының жеңімпазы атанып, «БАҚ» аталымы бойынша наградталды.

2010 жылы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен студенттік құрылыс жасақтарының облыстық штабы редакция ұжымын «Ең үздік бұқаралық ақпарат құралы» номинациясы бойынша марапатталды.

 2011 жылы ұйымдық халықтық тәуелсіз комитеті ұйымдастырған «Алтын көшбасшылар»
байқауында «Ақ жол» «БАҚ» номинациясы
бойынша наградталды.

2020 жылы баспа, радио және интернетжурналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының «Жыл басылымы» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support