«Ардагерлерімізді құрметтеу біздің дәстүріміз»

7

Мақұлбек РЫСДӘУЛЕТ,
«Ақ жол» газетінің 2004-2010 жылдардағы
бас редакторы.

Облыстың рухани өміріне ықпалы қай кезеңдерде де еш әлсіремеген облыстық газет республикалық басылымдарда еңбек жолын жалғастырған талай журналистердің алғашқы мектебі болды. Оларды санамалар болса ұзақ тізім шығар еді. Шерағаң – Шерхан Мұртаза туралы айтар сыр өз алдына бөлек. Қазақ әдебиетінің қорын тамаша шығармалармен толықтырған Кемел Тоқаев та өткен ғасырдың 50 жылдарында бізде еңбек еткен. Сондай-ақ Әбдеш Қалмырзаев, Әбіқұл Ибрагимов, Әділ
Дүйсенбек, Қали Сәрсенбай, Мейрамбек Төлепберген алғашқы жазғандарын біздің газетте жарияласа, «Ақ жолда» шыңдалған Әмин Фатихов, Жақсылық Сәтібеков, Елен Әлімжан, Мейрамбай Сатыбалдиев,
Көсемәлі Сәттібайұлы «Егеменнің» меншікті тілшісі қызметін атқарды.  Осы жолдардың авторы да бас редакторлыққа «Егемен Қазақстанның» тілшілігінен келді. Санар болсақ, «Егеменнен» бас редакторлыққа келген үшінші журналист екенмін.

Ардагерлерімізді де құрметтеу ұмыт қалмады. Газеттің қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген, редакторы болған Төленді Оңғарбаев пен редактордың орынбасары қызметін атқарған Анарбек Айтбаев тұрған үйге басылымның 85 жылдығын тойлау қарсаңында тақтайша орнаттық. Мұндай құрмет алдағы уақытта газетте ұзақ жылдар табысты еңбек еткен өзге азаматтарға да көрсетілетін болады. Ардагерлерімізді құрметтеу біздің дәстүріміз. Әр жылдар редактор болған Баттал Жаңабаев, Арғынбай
Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев және Сырайыл Керімбаев, Ахмет Қазыбаев, Насыр Қоссейітов, Жақсылық Сәтібеков, Кәдірхан Баққараев, Әбдуәлі Әліұлы, Сағат Арынов, Тоба Момынәлиев, Қыстаубай
Байтуов, тағы басқалар әрқашанда жастар ақылшысы. Сонымен бірге газетте қызметте жүріп қайтыс болған Рахметбек Өзбеков, Қалмахан Әбсаттаров, Жеңіс Жақсыбаев, Марат Ділдабаев, Құттымбет Райымбековті қаламдастары ешқашан да ұмытпайды.

Сондай-ақ басылымда қаламын ұштаған, республикаға танымал қаламгерлер, марқұмдар – Мұса Рахманбердиевті, Мұрат Сыздықты, Асқаржан Сәрсекті әрқашан еске аламыз.

2007 жыл.

Comments are closed.