Бірлік – берекеге бастайды

73

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз.

Бұл күн – шын мәнінде де қазақстандық патриотизмнің, өз Отанымызға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың, бірлік пен ынтымақтың, ырыс пен берекенің мерекесі.

Дана қазақта «Бірлік – берекеге бастайды» деген қанатты сөз бар. Расында, күллі қоғамның дамуы қай кезде де оның біртұтастығына, ішкі татулығына байланысты.

Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары Қазақстанды жаңа деңгейге шығаруда және елдің әлемдік қоғамдастықтағы құрметі мен беделін одан әрі арттыра түсуде.

Жамбыл жерін мекен еткен ынтымағы жарасқан сексеннен астам этнос өкілдері ортақ Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығын нығайтуға атсалысуда. Бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесінде экономиканың барлық саласында елеулі оң өзгерістерге қол жетуде.

Қадірлі жерлестер!

Халқымызды татулықпен мейірімділікке жетелеген осынау мерейлі күні баршаңызға қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Бірлік мерекесі құтты болсын!

Нұржан НҰРЖІГІТОВ,
облыс әкімі.
Махметғали САРЫБЕКОВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Comments are closed.