- Advertisement -

Айбары бар басылым

125

- Advertisement -

Гүлдара НҰРЫМОВА,
Парламент Мәжілісінің депутаты

Бір ғасырлық тарихы бар облыстық «Aq jol» газетінің ақпарат айдынында алар орны ерекше. Тарихи екі кезеңді бастан кешірді. 100 жылда заманына қарай жаңғырып, жаңарып отырды. Қай кезде де өз ұстанымынан айныған жоқ. Билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болды. Ел-жұрттың тілегін жеткізді. Өзекті мәселелерді қозғаған мақалаларында көптің арманмұратын тақырыптарына арқау етті.

Өңірдегі қазақ баспасөзінің қара шаңырағында қаламы қарымды қаламгерлер еңбек етті. Бұл басылымның архивінде талай мықтылардың қолтаңбасы қалды. Ақиқаттан айнымаған журналистердің көтерген мәселелері, қозғаған тақырыптары «Aq jol»-дың ғана емес, өңірдің тарихына айналды. Биыл 100 жылдық тарихының жаңа парақтарын ашып отырған облыстық газет – айтары да, айбары да бар басылым.

Кезінде халықтың біртуар тұлғаларының өткір ойлы мақалаларына орын беріп, жариялаған облыстық газет бүгінде халық қалаулылары көтерген проблемаларды да кеңінен қозғап, оқырманға жеткізуде. Елдің жайын да, жердің жайын да ұмыт қалдырған емес. Айтары бар оқырманға да көкейдегісін қозғау үшін газет бетінен орын беріп, кері байланысқа баса мән беріп келеді.

100 жылдық тарихы бар өңірдің бас басылымы әрі қарай да оқырманымен бірге жасай беретініне сенім мол. Айтары таусылмасын! Аймақтың тыныс-тіршілігін көрсетіп, елмен бірге көркейе берсін! Кезінде «Еңбек туы» аталған «Aq jol» газетінің қызметкерлеріне ақ жол тілеймін!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support