- Advertisement -

Ұлттық рухымызды көтеріп келеді

11

- Advertisement -

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Ұлттық рухани айна– «Аq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойы құтты болсын! Баспасөз – қоғам құндылықтарын қалыптастырушы идеологиялық — мәдени құрал. Бұл көзқарастардың жиынтығын «Аq jol» газетінің бір ғасырлық тарихы барлық жағынан айқын аңғартады.

Журналист – қасиетті қалам иесі. Халықтың көзі. Ұлы қайраткер ұстаздарымыз ұмыттырмайтын ұлағатты сөзді айтар болсақ, қасиетті қаламға елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтар, әділ сөзін айтып, ақ сөйлейтін ойлы жастар ие болуы керек. Ардақты ұстаздар мен талантты ізбасарлар арасындағы қос ұғымның терең мән-мағынасын сүйіктіӘулиеатамыздың осы құтты ақпарат шаңырағының өмірінен
көріп келеміз. «Аq jol» газетінің дәстүрлі бет-бейнесі және оның журналистерінің абыройы мен шығармашылық жетістіктері сөз жоқ, аса бағалы және тағылымды өнеге, руханитарихи қазына болып саналады.

Қоғамға қашаннан-ақ қорған және қамқор болған және ұлттық болмысымыздың тірегі болған қазақ баспасөзінің ту ұстаушысы қатарында Жамбыл облыстық газетінің өз орны бар. Бұл барша атап айтарлық ұлттық мектептің қадір-қасиеті мен лайықты құрметін көрсетеді.

«Aq jol» – тарихи дәуірлер мен қоғамдық өзгерістердің жылнамасы әрі шежіресі. Тәуелсіз Қазақстанның
қалыптасу тарихын шынайылықпен жазуда және ұлттық рухымызды көтеруде төл міндетін адал және ақиқат биігінде атқарып келе жатқан ақжолдықтарға әрдайым шығармашылық тілеулес үстіндеміз.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық шаттық және ғұмырлық бақыт тілеймін!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support