- Advertisement -

Халық пен билік арасындағы алтын көпір

63

- Advertisement -

Бекболат ОРЫНБЕКОВ,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Бір ғасыр дегеніңіз аз уақыт емес. Жамбыл өңірінің айнасы «Aq jol» газеті сол ғасыр жастың шыңына шығып отыр. Ол дегеніңіз кешегі Кеңес кезеңінен бастап, зұлмат жылдар, ашаршылық, Ұлы Отан соғысы, тың игеру және Тәуелсіздік алған кезеңдердің өткен жолының бәрі-бәрі газет бетінде сайрап жатыр.

«Aq jol» газеті – қашанда халық пен билік арасындағы алтын көпір қалпынан танбай келеді. Өңірдің жетістігін де қуана жазады, өзекті мәселелерді де жасқанбай көтереді. Тіпті, ең алыс аудан, ауылдағы бұрын көтерілмеген мәселелерді қаузайтын да осы басылымның қызметкерлері. Оны
Жамбыл өңірінде қызмет еткен жылдарымда талай байқап, білгенмін.

Өз басым «Aq jol» газетінің тұрақты оқырманымын. Газетте жарияланған мақалаларды мұқият оқып, журналистердің жанкешті еңбегін бағалап отырамын. Бұл басылымды Баттал Жаңабайұлы, Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев бастаған биік тұлғалы азаматтар басқарды. Әрбір бас редактордан өзгеше із қалғаны белгілі. Бүгінгі бас редактор Оралхан Дәуіт мырза да республикаға танымал, тәжірибесі мол, шығармашылықта ысылған азамат…

Жүз жасаған «Aq jol» газетіне толағай табыс, жақсылықтар тілеймін! Тәуелсіздігіміздің қатпарлы шежіресін таратуда аянбай еңбек ете беріңіздер!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support