- Advertisement -

Келешегі бұдан да кемел

15

- Advertisement -

Ерлан ҚАРИН,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы.

Қадірлі «Aq jol» газетінің ұжымы!

Сіздерді басылымның ғасырлық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бастауын «Кедей еркі» газетінен алатын бүгінгі «Aq jol»-дың мерейтойы басылым үшін ғана емес, оның оқырмандары мен қазақ баспасөзі үшін үлкен белес. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағынан тәрбие алып, оның ұстаханасынан өткен мамандардың өспесе, өшкені жоқ. Міне, «Aq jol» газеті де қазақ журналистикасының мықты мектебінің бірі деп айтуға толық негіз бар.

Мысалы, Жайық Бектұров, Арғынбай Бекбосын, Баттал Жаңабайұлы, Жақсылық Сәтібеков, Әлдихан Қалдыбаев, Мақұлбек Рысдәулет, Несіпбек Дәутайұлы сынды қазақтың талантты қаламгерлерінің осы қасиетті қарашаңырақта қызмет қылғаны, еңбек еткені жүз жылдық жылнаманың сарғайған беттерінде айқын көрініп тұр. Қазақ детективінің атасы, көрнекті жазушы Кемел Тоқаев та соғыстан кейінгі жылдары қазіргі «Aq jol», сол кездердегі «Сталиндік жол» газетінде тер төгіп, мақала жазып, шығармашылығын шыңдады.

Баспасөз – қоғамның үні, жаршысы. Газет – елдің айнасы. Өткен тарихқа көз жүгіртсек, ғасырға жуық уақыт ішінде «Aq jol»-дың аты мен заты сан мәрте өзгерсе де өзінің ең басты міндеті – халыққа қызметін жалғастырудан еш танбаған. Әрдайым елдің сөзін сөйлеп, халықтың мұңын жоқтап келеді.

Ендеше рухы биік, ұстанымы берік жүз жылдық жылнаманың келешегі бұдан да кемел екеніне сенім мол. Қуаныш қуанышқа ұлассын. «Aq jol»-дың ғұмыры ұзақ болғай.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support