- Advertisement -

Бүгінгі белесіне мол табыспен жетті

99

- Advertisement -

Құрметті «Aq jol» газетінің ұжымы!

Баршаңызды басылымның 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Алғаш 1922 жылдан бастап шыға бастаған газет Әулиеата өңірінің жылнамасына, облыс халқының рухани болмысының шежіресіне айналды. Өзінің байыпты байламдары, салмақты ойлары бар беделді ақпарат құралы ретінде танылды.

«Aq jol» – өңірдегі журналистердің түлеп ұшқан ұстаханасы. Ғасырға жуық тарихы бар қара шаңырақта кәсіби тілшілердің шығармашылық мектебі қалыптасты. Бұл ұжымнан талай білікті маман, қарымды қаламгер шарболаттай шыңдалып шығып, ақпарат әлеміне қанат қақты.

Еліміздің медиа кеңістігіндегі байырғы басылым бүгінгі белесіне мол табыспен жетті. Жаһандану
кезеңінде бәсеке нарығына нық қадам басып, ұлттық баспасөздің заманауи келбетін қалыптастыруға үлес қосты. Бүгінде заман көшінен қалмай, ойлы оқырманымен бірге жасап келеді. Қос ғасырдың куәсі болған газет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін!

Мерейтой құтты болсын!

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.
Нұр-Сұлтан қаласы, Ақорда 28.04.2022

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support