Қазақстандық полиглот жігіт Хабиб Нурмагомедовке араб тілін оқытады

35

12 тіл білетін қазақ жігіті Хабиб Нурмагомедовке арабша үйрететін болды.

26 жастағы Мейіржан Таштай 12 тілді жақсы меңгерген. Үйреніп жүргені де бар. Қазақ, орыс, араб, түрік, өзбек, ағылшын, француз, итальян, испан, суахили, урду, корей, хинди, сомали, индонезиялық, қытай тілдері осы тізімде бар.

Тіл үйретумен айналысатын оның бүгінде оқушылары көп. Олардың қатарына жақын арада UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов те қосылады. Бұл туралы Мейіржан Instagram-да бөлісті.

«Ин ша Аллах Хабиб менімен онлайн түрде араб тілін үйренетінін айтты. Аллаға шүкір осы деңгейге жеткізгеніне», — деп жазды ол.

Мейіржан Таштайдың сөзінше, ол Хабиб Нурмагомедовпен Меккеде танысқан. «Бірге ауыз аштық» дейді.

«Хабиб соңғы кездесуде маған үйретші деп ұсыныс жасады. Ин ша Аллах бәлкім Рамазаннан кейін жазып қалуы мүмкін», — деді ол.

tengrinews.kz

Comments are closed.