Рамазан айында 100 гегабайт алғандар бар ма?

11

Кейінгі кездері әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттардан көз сүрінетін болды. Әсіресе, Whatsapp платформасындағы мәліметтердің рас-өтірігін ажырата алмай жүрміз. Мысалы, кеше «Whatsapp предлагает 100 ГБ бесплатного интернета специально для Рамадана! Каждый может подать заявку бесплатно* Я получил свой», деген мәтіндегі сілтеме келді. Біз осы хабарламаға фактчек жасап, рас-өтірігін анықтап көрдік.

Үкім: ақпарат жалған.
Мұнда өзімізге тиесілі сыйлықты алу үшін сілтемеге өтіп, кейін оны 20 досыма жолдауым қажет екен. Ресми ақпарат көздерінен хабарламаның шынайылығын растайтын бірде-бір мәлімет таба алмадық. Ақпаратты таратқандарға сыйлық бұйырмаған.

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkdilikonusangazetecilervakfi #turkicspeakingjournalists

Сәндібек ПІРЕНОВ

Comments are closed.