Өзбекстанда жас жұбайларды жақын туыстықты анықтауға арналған тест тапсыруға міндеттейді

26

Өзбекстанда келесі жылдың 1 шілдесінен бастап некеге тұратын адамарды молекулярлық-генетикалық тестілеуден өтуге міндеттейді. Ел президенті тиісті қаулыға қол қойды.

Осы құжатқа сәйкес, әрбір адам тестті өз ақшасына тапсырады. Оны Ташкенттегі халықтың репродуктивті денсаулығы бойынша республикалық орталықта, сондай-ақ, Қарақалпақстан мен облыстардағы филиалдарында жасайды.

Ғашықтардың бойынан жұлынды бұлшықеттің семуі бойынша гендік тұқым қуалаушылық анықталса, оларды бірыңғай ұлттық тізімге енгізетін болады.

2023 жылдың 1 шілдесіне дейін салалық мекемелер тестті өткізу жүйесін, сондай-ақ, молекулярлық-генетикалық диагностика үшін жүкті әйелдерден алынатын биоматериалды зертханалық талдау тәртібін әзірлейді.

Айта кетері, бұған дейін Өзбекстанның әділет министрлігі некені тіркеуді бір ай бойы күту мерзімін алып тастауды ұсынған болатын. Осылайша, шенеуніктер денсаулық сақтау және неке туралы актілерді тіркеу құрылымдарда бюрократиялық тосқауылдарды жоюға болады деп санайды.

Comments are closed.