Ұлытаулық жиһангез Таразға жол тартты

45

Кеше 27 сәуір күні Шым қаласынан шыққан ақсақал апта аяғында Тараз қаласына жетпек.

Ұлытаудан жаяулатып жолға шыққан жиһанкез Сәрсенбай Оспанұлы Қотырашев 72 жаста. Ұлытау ұлттық тарихи-музейінде қызмет атқарады. Еңбек ардагері. «Қазақстанды жаяу араласам» деген арманын жүзеге асыру үшін наурыздың 31-і күні жолға шыққан.

Жиһангез қарияның мақсаты қарашаға дейін ел ішін аралап шығу. «Ұлытауға бардың ба?» деген тақырыпты жалау еткен қария күніне 40 шақырым жол жүреді. Бұл марафонға ол 7 жыл дайындалыпты. Елімізде жол-жөнекей кездескен ауыл-аймаққа сәлем бере жүріп, оларды Ұлытау тарихымен таныстыруды мақсат тұтып отыр.

Сапарын Қызылордадан бастаған ақсақал Түркістан, Шымкент өңірлерінде болып, енді Таразға қарай келе жатыр.

Одан әрі Алматы, Талдықорғанға қарай жол тартпақ. Осылайша 17 облысты аралап шығуға ниетті.

Сәрсенбай жиһангез жол-жөнекей қолөнерші ұсталардың да тізімін жасақтап жүр.

Comments are closed.